
Атырауда жол сақшылары қауіпті әрекеттердің алдын алу шараларын күшейтуде.
Олар елді мекен ішінде көлікпен әдейі дрифт жасау, жылдамдықты шамадан тыс арттыру және жол ережелерін елемеу сияқты заң бұзушылықтардың жол-көлік оқиғаларына себеп болатынын ескертеді.
27 маусым күні сағат 14:00 шамасында Өркен ықшам ауданында автокөліктің дрифт жасағаны анықталды. Сонымен қатар жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпаған. Патрульдік полиция оқиға орнына жедел жетіп, 22 және 19 жастағы азаматтарды маневр жасау ережесін бұзу, қауіпсіздік белдігін қолданбау және жаяу жүргіншілерге қатысты талаптарды сақтамау баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қоғамдық орындарда өзгелердің өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
В Атырау +20.1