
Ұрлық таңға жуық болған. Баймұханов көшесіндегі донерхананың жанынан өтіп бара жатқан ол жерде жатқан тасты теуіп қалып, астынан мекеменің кілтін тауып алған.
Бейнебақылау камерасына түспеу үшін медициналық маска киіп, есікті сол кілтпен ашып, ішке кірген. Кассадан барлық ақшаны алып кеткен.
Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Бұрын да осындай құқық бұзушылық жасағандықтан, сот оны қауіпті рецидивист деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол кафе иесіне келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +21.4