Атырау, 10 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +11
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Барлық жаңалықтар

2020 жылдың шілдесінен екі еседей көп ауру жұқтырды Атырауда

2020 жылдың шілдесінен екі еседей көп ауру жұқтырды

Үш күн бұрын ковид бойынша «қою қызыл» аймақ ұғымы енгізілді . Атырау облысы бірден қауіпті деңгейдегі осы аймаққа енді. Биыл шілдеде біздің аймақта 9445 адам (2020 жылдың шілдесінде - 5 867), пандемия басталғалы бері - 35 377 адам ауру жұқтырды, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте. 2 тамыз 2021, 18:00 1 145 просмотра
Қосалқы мердігерлердің ашу-ызасы: «Егер ақшамызды алмасақ, қайта-қайта митингке шығамыз» Атырауда

Қосалқы мердігерлердің ашу-ызасы: «Егер ақшамызды алмасақ, қайта-қайта митингке шығамыз»

30 шілдеде 20-ға жуық кәсіпкер облыс әкімдігі ғимаратының алдына митингке жиналып, мердігер «Global Stroy Astana» ЖШС-нен 2018-2019 жылдары орындалған қосалқы мердігерлік жұмыстар үшін ақша төлеуін талап етті. Бірақ көп тұрмады - оларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВПЕН кезедсу үшін ішке кіруге шақырды. Сурет Бейнежазба 2 тамыз 2021, 12:54 1 739 просмотра
​Сыбайлас жемқорлық пен азаптау: кім қай жерде сотын күтіп отыр? Атырауда

​Сыбайлас жемқорлық пен азаптау: кім қай жерде сотын күтіп отыр?

«АЖ»-ға белгілі болғандай, азаптау қылмысын жасады деген күдікті Құлсарылық полиция қызметкерлері сотқа дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр, ал бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары үйқамақта отыр. Толықтырылды 2 тамыз 2021, 11:00 1 427 просмотра
Су іздеп кеткен мал өлімге тап болады Атырауда

Су іздеп кеткен мал өлімге тап болады

Жанбай ауылында жергілікті малшылардың жанайқайын билікке жеткізу үшін Исатай ауданының 40-тан астам тұрғыны жиналды. Мәселе – су жетіспеушілігі, салдарынан малдың өлімі көбейді. Сурет Бейнежазба 2 тамыз 2021, 10:43 4 422 просмотра
Жайық тиіп тұрғанымен, шомылуға рұқсат жоқ Атырауда

Жайық тиіп тұрғанымен, шомылуға рұқсат жоқ

Атырауда апта сайын Жайыққа адамдар суға кетіп жатыр. «АЖ» тілшісі құтқарушылармен бірге рейдке шығып, жабайы жағажайларды тексеруге қатысты. Қалада ресми үш жағажайдан басқа Жайықтың барлық жері қауіпті болып саналады. Қазір пандемияға байланысты олар да жабық. Сонда еш жерде суға түсуге болмайды. Сондықтан болар, көп жағдайда тұрғындар «Шомылуға тыйым салынады» деген белгіні сындырырып тастаған. Сурет Бейнежазба 2 тамыз 2021, 10:03 1 737 просмотра
Атырауда өзбекстандық есірткі тасымалдаушы ұсталды Атырауда

Атырауда өзбекстандық есірткі тасымалдаушы ұсталды

«Қарасора-2021» жедел іс-шарасы кезінде Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласынан 32 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Жеке тінту кезінде одан ақ ұнтақ салынған 29 дана, жалға алынған үйін тінту кезінде 40 дана түйіншек табылды. Сараптама оның мефедрон деп аталатын есірткі өнімдері (нашақорлар «Меф» деп атайды) екенін анықтады. 2 тамыз 2021, 09:43 1 710 просмотра
Атырауда жалған вакциналау паспортын сатқан медбике ұсталды Атырауда

Атырауда жалған вакциналау паспортын сатқан медбике ұсталды

31 шілдеде  Egov.kz ақпарат жүйесіне нақты егілмеген адамдарды "Covid-19" вакцинасын алды деген ақпаратты  ақшасына енгізумен айналысқан қалалық емханалардың бірінің медбикесі ұсталды.   1 тамыз 2021, 14:50 2 109 просмотра
Гүлнар Қатыбаева: «Кафе мен мейрамханалар тығырыққа тірелді» Атырауда

Гүлнар Қатыбаева: «Кафе мен мейрамханалар тығырыққа тірелді»

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 2 тамыздан бастап «Ashyq» жобасы бар қоғамдық тамақтану орындары сағат 10.00 -ден 20.00 -ге дейін жұмыс істей алады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ескерткендей, бүкіл Қазақстанда «Ashyq»-сыз тамақтану орындары тек қана алып кету және жеткізу бойынша жұмыс істейді. «АЖ» «Қазақстанның рестораторлар клубы» қауымдастығының президенті Гүлнәр ҚАТЫБАЕВАДАН (суретте) осы мәселе бойынша пікірін сұрады. 31 шілде 2021, 13:15 1 897 просмотра
Атырауда пандемия кезінде туу көрсеткіші артты Атырауда

Атырауда пандемия кезінде туу көрсеткіші артты

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың 1 маусымынан 2021 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта Атырау қаласында 12 мың 365 сәби дүниеге келгені тіркелген. Бұл 2019 жылдың маусымы мен 2020 жылдың маусымымен салыстырғанда 1113 балаға жоғары. 31 шілде 2021, 11:38 1 745 просмотра