Атырау, 15 қаңтар 01:50
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

ҚР Премьер-Министрінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

670 рет қаралды
Фото: primeminister.kz

Диляра Аленова ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

27 ақпан 2024, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.