Атырау, 22 маусым 19:20
 дождьВ Атырау +26.9
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Атыраулық оқушы Малайзиядағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

71 рет қаралды

Атырау облысының екі спортшысы мектеп оқушылары арасында өткен муайтайдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті.

Жарыс Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтті деп хабарлады Атырау облыстық муайтай федерациясы.

Әли Ілиясов 14–15 жастағы спортшылар арасында 57 келі салмақта бақ сынады. Ол Индонезия спортшысына ұпай саны бойынша есе жіберіп, турнирдегі өнерін аяқтады.

Исмаил Бөпежан 14–15 жас санатында 45 келі салмақта өнер көрсетті. Әлем чемпионатында ол бес жекпе-жек өткізді. Атыраулық спортшы төрт кездесуде жеңіске жетті.

Финалда Исмаил Бөпежан Өзбекстан спортшысына ұпай саны бойынша жол берді. Жарыс қорытындысы бойынша ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бүгін, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.