Атырау, 3 маусым 01:09
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Поштамен АҚШ-тан алдырған: Алматы тұрғынынан ірі көлемде психотроптық зат тәркіленді

659 рет қаралды
Видео скриншот

Қаржы мониторингі агентоігінің Алматы қаласы бойынша департаменті психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін тергеп-тексеруде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді», - делінген ҚМА хабарламасында.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.


27 ақпан 2024, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.