27 ақпаннан бастап Жылыой ауданы Құлсары қаласында метан газымен жүретін қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Себебі, «Метан-Газ» жанар-жанармай бекеті істен шығып, күрделі жөндеуді қажет етіп тұр.
Қала әкімдігі бүгіннен бастап қаладан шығатын қоғамдық көліктердің саны шектелетінін хабарлады. Қала мен ауылдарға қатынайтын автобустардың бағыттары мен жүру уақыты өзгерген жоқ.
Желіде жүретін қоғамдық көліктердің тізімі:
Жаңа Қаратон кенті, Қосшағыл және Шоқпартоғай ауылына қатынайтын көліктер өзгермейді. Ал Тұрғызбаға «Паз» маркалы автобусы, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдарына «Газель» маркалы автобусы қатынайды.
Сондай-ақ, қала ішінде №1 бағыты бойынша 2 «Ankai» және 1 «Паз» автобустары,
№2 бағыты бойынша 2 «Ankai» автобусы,
№3 бағыты бойынша 1 «Газель» автобусы, №3А бағыты бойынша 1 «Газель» автобусы, №4 бағыты бойынша 2 «Паз» автобусы,
№4А бағыты бойынша 1 «Паз» автобусы,
№5 бағыты бойынша 1 «Газель» автобусы, №6 бағыты бойынша 1 «Газель» автобусы, №7 бағыты бойынша 2 «Газель» автобус,
№8 бағыты бойынша 2 «Ankai» және 1 «Паз» автобусы,
№9 бағыты бойынша 1 «Газель» автобусы, №10 бағыты бойынша 1 «Газель» автобусы, №11 бағыты бойынша 1 «Газель» автобусы, №11А бағыты бойынша 1 «Газель» автобусы, №12 бағыты бойынша 2 «Газель» автобусы жолаушыларды тасымалдайтын болады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА