Балауса Мұздиман әйелдер боксы туралы кең тараған келеңсіз сұрақтарға жауап берді
Көпшілік "Сіз бағдарламашысыз ба? Бағдарламашы сияқты бірдеңе айтыңызшы" немесе дәрігерлер, дизайнерлер, жүргізушілер және т.б. туралы сияқты.
Әрине," бағдарламашы тілінде айту " бәрінен бірдей сұрала бермейді, бірақ барлығы дерлік осындай келеңсіз сұрақтарға жауап беріп жатады. Бұл сұрақтар спортшыларды да айналып өтпеді. Сондықтан, бұл мәселені біржола жабуды шештік.
Роман Старченкодан кейін өзінің спорт түрі туралы келеңсіз сұрақтарға боксшы Балауса Мұздиман екінші болып жауап берді.
Қыздар ерлерге қарағанда аяусыз шайқаса ма?
Біз табиғатымыз бойынша эмоционалды, ер адамдар салмақтырақ болғандықтан, қыздар шайқасты аяусыз өткізеді. Қыздар рингке шыққанда барлық агрессиясын шағарады, егер ерлер жекпе-жегімен салыстыратын болсақ, әйелдер шайқасы көрермендер үшін анағұрлым әсерлі болады деп ойлаймын. Women power! Бізде ерлермен қатар қаламақы болуы тиіс, өйткені әйелдер боксы әсер жағынан асып түспесе, кем түспейді.
Сізге " Сен қыз баласың ғой, қайдағы бокс?” дегенді жиі естуші едіңіз бе
Иә, жиі сұрап жатады, мен тіпті бала кезімде мектепте балалармен төбелескен кезде де солай айтатын еді. Бірақ бұл менің таңдауым, мен жұдырықты сыртта емес, тек рингте ғана түйістіремін. Бокс - бұл өте әдемі спорт түрі, оны әйелдер мен еркектер деп бөлудің қажеті жоқ, өйткені біз спортта бірміз, ерлер сияқты жаттығып, рингке шығып тұрамыз.
Рингке ер адаммен шыққыңыз келе ме?
Менің ойымша, бұл мүлдем дұрыс емес. Жаттығуда спарринг серіктес болмаған кезде, ер адамдармен жұмыс істеуге тура келеді, ал жалпы, мен мұндай жағдайға қарсымын. Ерлер мен әйелдердің физикасы мен антропометриясы әртүрлі, ол фактімен дауласудың қажеті жоқ шығар. Бұл табиғатымызға тән ерекшелік. Сондықтан, ондайды барып тұрған ақымақтық деп санаймын.
Егер отбасын құрып жатсаңыз, боксты тастайсыз ба?
Мен неке тақырыбында сөйлескенді ұнатпаймын, алға қойған мақсаттарым бар және оларға жетуім керек. Әзірге боксты тастаймын деген ой жоқ. Менің барлық армандарым орындалған, мақсаттарыма қол жеткізілген соң ғана шаңырақ көтеруге болады деген ойдамын)))
Қарсыласыңыздың шашынан жұлып, бетін тырнап алғыңыз келген сәттер болды ма?
Бұл өте күлкілі сұрақ, әрине, жоқ. Мен кәсіпқой спортшымын , сондықтан рингте жасалған әрекеттің бәрі норма шегінде, барлығы ережелер бойынша жасалады.
Егер қарсыластың ерні жасалған болса, салынған ботоксы ағып кетпей ме?
Хахаха, білмеймін. Менің ерні жасанды қарсыластарым болды, бірақ менің ойымша, рингте бұл туралы ойламайсыз, тек жеңіске жетуге барымызды салып шайқас өткіземіз, егер ботоксы ағып жатса, бұрыштағы мейібикелер көмектеседі деген ойдамын.))
Соққыға алғанда қарсыласыңызға аяныш сезімі оянбайды ма? Дегенмен адам баласы ғой
Соққыға алғанда, ешқандай аяныш сезімі болмау керек, өйткені егер сіз ұрмасаңыз, сізді соққыға жығады. Қарсыласыңыз рингке шыққан соң, оны аяудың қажеті жоқ, өйткені сіз ол сияқты адамсыз, таяқ жеп қалуыңыз да мүмкін.
Неліктен барлық боксшылар секіртпені пайдаланады?
Бұл біздің жаттығуларымыздың бір бөлігі, біздің жұмысымыздың 90% серкіртпеден басталады, бұл жаттығуға дайындық, бұл аяқтармен жұмыс. Менің ойымша, кім секіртпемен жақсы секіре алса, аяғымен де жақсы жұмыс істей алады, көбелек сияқты рингте де жақсы қозғала алады)