Атырау, 22 желтоқсан 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан филиалына 3 млн теңге айыппұл салынды

1 023 рет қаралды

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына реттеліп көрсетілетін қызметтер мен тауарларды, жұмыстарды ұсынуға қол жеткізу бөлігінде әкімшілік іс қозғады.

Нәтижесінде, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жалпы сомасы 2 953 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік айыппұл заңнамада көзделген мерзімде мемлекеттік бюджетке өндірілді.

27 ақпан 2024, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.