
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жаңа тағайындаулар болғаны туралы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен сегіз өңірде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды:
- генерал-майор Балғабаев Ерболат Темірболатұлы – Маңғыстау облысы бойынша ;
- полковник Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы – Ақмола облысы бойынша ;
- полковник Есенов Ерік Өмірбекұлы – Ақтөбе облысы бойынша;
- полковник Бөкешев Дастан Балтабайұлы – Жетісу облысы бойынша;
- полковник Құрақбаев Дархан Ғалымтайұлы – Қарағанды облысы бойынша;
- полковник Абулхаиров Бақытжан Рахманұлы – Павлодар облысы бойынша;
- подполковник Төлеутай Нұраби Рашидұлы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша;
- подполковник Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Түркістан облысы бойынша.
Бүгін, 17:31
В Атырау +26.9