Атырау, 25 қараша 12:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индер каналдарына 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Сурет
703 просмотра

Ұзындығы 313 шақырымды құрайтын каналдарға мемлекет 3 миллиард 100 миллион теңге жұмсауға дайын.

Индербор кенті және Бөдене ауылдық округіне қарасты «Алғабас-Жорық» каналы 1968 жылдан бастап жұмыс жасап тұр. Ол жағалауында 119 гектар жерге егін шаруашылығы, жеміс ағаштарын өсірумен айналысып отырған 15 шаруа қожалығын сумен қамтып отыр. 64,7 шақырымды құрайтын суару суландыру жүйесіне қайта жаңарту жұмыстары 2019-2020 жылы жүргізіліп, бүгінде су канал бойына толық жеткізілді.

Көктоғай ауылдық округіне қарасты «Ақсай» каналы 1968 жылдан бастап жұмыс жасап тұр. Бойында жеті шаруа қожалығы 164 гектар жерде егін шаруашылығымен айналысып отыр. 80 шақырымдық "Ақсай" каналына жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталды. Мердігер мекеме «Гидроқұрылыс» ЖШС. Жоба құны 1 млрд 105 млн теңге. Бүгінде 4000 текше метр канал топырағы қазылып, қазу жұмыстары жүріп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Есбол, Елтай ауылдық окуругіне қарасты «Бағырлай» каналы 1968 жылдан бастап жұмыс жасап тұр. Жағалауында 17 шаруа қожалығы 239 гектар жерде егін шаруашылығымен айналысып отыр. 102,3 шақырымдық каналға жүргізілетін жөндеуге қатысты конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «Толағай 2050» ЖШС. Жоба құны 1 млрд 51 млрд 962 млн теңге. Ауа райы жылынып, тұрақтағаннан кейін тиісті жұмыстар басталады.

Жарсуат ауылдық окуругіне қарасты «Құрайлы Сай» каналы 1984 жылдан бастап жұмыс жасап тұр. Жағалауында жеті шаруа қожалығы 50 гектар жерде егін шаруашылығымен айналысып отыр. 51,7 шақырымдық каналға жүргізілетін жөндеуге қатысты конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «Гидроқұрылыс» ЖШС. Жоба құны 685 млн 450 мың теңге. Биыл тиісті жұмыстар басталады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

28 ақпан, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.