Атырау, 27 шілде 05:57
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Қызылорда облысында фабрика өртеніп, 4 мың бөдене қырылып қалды

385 просмотра
Видео кадры

Қызылорда облысында құс фабрикасынан өрт шығып, 4 мыңға жуық бөдене қырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облысық полиция департаментінен хабарлағандай, оқиға 28 ақпанда таңғы сағат 04.30 шамасынла болған.

«Сырдария ауданы Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны 288 шаршы метр аумақта өртке оранды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ, алайда 4 мың бөдене өртеніп кеткені айтылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт сағат 05.41-де оқшауланып, 06.12-де жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.


28 ақпан, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.