Атырау, 22 маусым 18:47
 дождьВ Атырау +26.9
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

​Атырау — Орал жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

66 рет қаралды
Сурет: «ҚазАвтоЖол»
Сурет: «ҚазАвтоЖол» ҰК" АҚ

Республикалық маңызы бар Атырау — Орал автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Жөндеу жұмыстары Батыс Қазақстан облысындағы жолдың 432-ден 492-шақырымға дейінгі учаскесінде жүргізіліп жатыр.

Жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайды.

Жұмысқа 60 дана арнайы техника мен 52 маман жұмылдырылған.

Жоба аясында қазірдің өзінде 41 шақырым жерде асфальтбетон бетін аршып алу жұмыстары орындалды.

Сондай-ақ жолдың 40 шақырымында асфальтбетонының төменгі қабаты төселді.

«ҚазАвтоЖол» кәсіпорны орташа жөндеу жолдың сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жолды пайдаланушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өтті.

Жоба аясында жол жұмысшылары жол төсемінің ескірген, тозған қабатын толықтай қиып алады. Оның орнына батыс өңіріне тән ауыр жүк көліктерінің ағыны мен температураның күрт өзгеруіне төтеп бере алатын берік екі қабатты асфальтбетон жабыны төселеді.

Жалпы, орташа жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жол пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. деп атап өтті ведомство мамандары.

Бүгін, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.