Атырау, 18 маусым 10:31
 дождьВ Атырау +23.3
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Барлық жаңалық

​Қытайдағы пневмониядан тағы үш адам қайтыс болды Әлемде

​Қытайдағы пневмониядан тағы үш адам қайтыс болды

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен тараған пневмониядан қайтыс болғандар саны тоғызға жетті , - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы КХР гигиена және денсаулық мәселесі бойынша мемлекеттік комитеттің басшысының орынбасары Ли Бинь айтты.  22 қаңтар 2020, 09:47 2 719 рет қаралды
​"Қазақмыс" бас директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды Қазақстанда

​"Қазақмыс" бас директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды

Кеше "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бейнежазба 22 қаңтар 2020, 09:43 2 651 рет қаралды
 «Бізде адам ағзаларын алуға “келісім презумпциясы” бар, бірақ туысқандары қашан да қарсы» Басқа жаңалықтар

«Бізде адам ағзаларын алуға “келісім презумпциясы” бар, бірақ туысқандары қашан да қарсы»

Жаңа жылдан бастап емханаларға дәрігерлік көмекке жүгінген барлық пациенттер өз органдарын донорлыққа беру келісімі туралы анкета толтыруы тиіс екен. Осындай мәндегі сезімге толы дабыстық хабарлама қазір Атырау тұрғындары арасында таралып жатыр. 22 қаңтар 2020, 00:02 4 463 рет қаралды
Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады Оқиға

Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады

Бүгін, 21 қаңтарда №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали Кенжеғалиевке, оның орынбасары Роза Қабдоловаға, жеке кәсіпкер Н.Мәжитоваға, сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлері Г.Қабекеновке, К.Иманғазиеваға, К.Жамиловаға және Б.Забеновке қатысты сот процесі жалғасты. Процесске судья Жұмағали ТАШИМОВ төрағалық етті. 21 қаңтар 2020, 17:43 5 210 рет қаралды
«Мен 60-пен жүрдім, бәлкім одан сәл асырған болармын» Басқа жаңалықтар

«Мен 60-пен жүрдім, бәлкім одан сәл асырған болармын»

№2 Атырау қалалық сотында өткен жылдың 21 қыркүйегінде Баймұханов көшесінде жасөспірімді қағып өлтірген Toyota Camry-50 көлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты сот процесі жалғасуда. Жәбірленуші тарап «Тойотамен» жарысты ұйымдастырушы деп кінә таққан қара «Мерседес» жүргізушісінен негізгі куәгер ретінде жауап алынды. Сурет Бейнежазба 21 қаңтар 2020, 17:27 6 008 рет қаралды
Көлік алуға барған қазақстандықтар Арменияда алданып қалып жатыр – ІІМ Қазақстанда

Көлік алуға барған қазақстандықтар Арменияда алданып қалып жатыр – ІІМ

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Арменияға көлік алуға барған азаматтардан арыз түсіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  21 қаңтар 2020, 15:52 4 882 рет қаралды
Елордадағы LRT-ның ендігі тағдыры не болады? Қазақстанда

Елордадағы LRT-ның ендігі тағдыры не болады?

Елордада жеңіл рельсті көлік құрылысының екінші кезегі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Бұл туралы астананың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 21 қаңтар 2020, 15:43 2 817 рет қаралды
Guardian басылымы ДАИШ-тің жаңа басшысы туралы дерек жариялады Әлемде

Guardian басылымы ДАИШ-тің жаңа басшысы туралы дерек жариялады

ДАИШ ("Ислам мемлекеті") террористік тобының жаңа жетекшісінің аты-жөні Әмір Мұхаммед Әбдел Рахман әл-Мауль деп хабарлады арнайы қызмет дерегіне сүйенген британдық Guardian басылымы. 21 қаңтар 2020, 15:33 2 099 рет қаралды
Зайсанда Қастер мен Мұрагерге сот үкімі оқылды Қазақстанда

Зайсанда Қастер мен Мұрагерге сот үкімі оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотында "мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған этникалық екі қазақ Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына үкім оқылды. Судья Шынар Оспанова Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын әрқайсысын бір жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтеуді бұйырды. Бұған қоса, олардың әрқайсысына 25 250 теңге көлемінде айыппұл салды. 21 қаңтар 2020, 15:25 3 692 рет қаралды
Абайдың 175 жылдығы: Тоқаев пен Назарбаев ресми шараға бірге келді     Қазақстанда

Абайдың 175 жылдығы: Тоқаев пен Назарбаев ресми шараға бірге келді

Бүгін "Астана Опера" театрында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды. Ресми шараға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 21 қаңтар 2020, 15:09 4 013 рет қаралды
Орталық көпір: сүйіктісіне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады Басқа жаңалықтар

Орталық көпір: сүйіктісіне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады

Орталық көпір жабылғалы қалалықтар көпірді өздерінің қысқы кештерін өткізетін көңілді орынға айналдырып үлгерген. Өткен жылы бос уақытты спорт кешені маңындағы жағажайда орнатылған мұз төбешіктерде, шаналар мен басқа да қысқы ойын құралдарын жалға алып, қысқы ойындар өткізу ұйымдастырылған еді, ал биылғы жылы ауа райы ондай шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік бермей тұр. Бейнежазба 21 қаңтар 2020, 15:05 4 030 рет қаралды
Атыраудың жаңа әкімі мәслихатта алғашқы мәлімдемесін жасады Басқа жаңалықтар

Атыраудың жаңа әкімі мәслихатта алғашқы мәлімдемесін жасады

20 қаңтарда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы болды. Депутаттар Атырау, Еркінқала және Қайыршақты ауылдық округтері әкімдерінің есебін тыңдады. Сондай-ақ, №15 сайлау округінен сайланған өз әріптестері Қанат ӘЗМҰҚАНОВТЫҢ басқа жаққа көшуіне байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату ұсынысын қабылдады.   21 қаңтар 2020, 13:25 4 835 рет қаралды
Атыраулық тастанды сәбидің анасын дәрігерлер тексеруде Басқа жаңалықтар

Атыраулық тастанды сәбидің анасын дәрігерлер тексеруде

Авангардта жылу құбырына жаңа туған шақалақты тастап кеткен 21 жастағы оралдық бойжеткеннің облыстық перинатальдық орталыққа жатқызылғаны «АЖ»-ға  белгілі болды. Ал баланың жағдайы жақсарып келеді. 21 қаңтар 2020, 13:51 3 029 рет қаралды
​Мәскеуде Әблязовтің соты 31 қаңтарда басталады Қазақстанда

​Мәскеуде Әблязовтің соты 31 қаңтарда басталады

Мәскеудің Таган сотында 31 қаңтарда қазақстандық "БТА Банк" директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязов бақылауындағы ұйымнан 58 миллиардтан аса рубль жымқырғаны үшін қылмыстық істің тыңдалымдары басталады, - деп хабарлайды РАПСИ.  21 қаңтар 2020, 12:09 1 870 рет қаралды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға байланысты шұғыл жиын өткізбек Әлемде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға байланысты шұғыл жиын өткізбек

Сәрсенбі күні Қытайда коронавирустың таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар комитетінің шұғыл жиналысы өтеді. Бұл туралы ұйымның ресми Twitter-аккаунты хабарлады. 21 қаңтар 2020, 11:49 3 432 рет қаралды
Алматы облысында 21 жастағы мұғалім суицид жасаған Қазақстанда

Алматы облысында 21 жастағы мұғалім суицид жасаған

Асылып қалған келіншектің анасы тергеудің әділ жүргізілетініне сенбей отыр Алматы облысында бүтін бір әулет қызымызды суицидке итермеледі деп, полицей күйеу баласы мен оның отбасын айыптады.  21 қаңтар 2020, 11:30 3 151 рет қаралды
Еуроодақ бет-әлпетті тану жүйесіне тыйым салмақ Әлемде

Еуроодақ бет-әлпетті тану жүйесіне тыйым салмақ

Еуропалық комиссия қоғамдық орындарда бет-әлпетті тану жүйелерінің қолданылуына бес жылға дейін тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. 21 қаңтар 2020, 11:22 2 228 рет қаралды
Шымкентте қаланың жаңа әкімі тағайындалды Қазақстанда

Шымкентте қаланың жаңа әкімі тағайындалды

Шымкент қаласының әкімі болып Мұрат Әйтенов тағайындалды, деп хабарлайды Ақ орда сайты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен және қалалық мәслихаттың келісімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. 21 қаңтар 2020, 11:08 2 745 рет қаралды
Өзбекстан үкіметі толық құрамда отставкаға кетті Әлемде

Өзбекстан үкіметі толық құрамда отставкаға кетті

Өзбекстан үкіметі толық құрамда елдің жаңа Олий Мажлисі (парламент) алдында өз өкілдігін тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Өзбекстан парламентінің заң шығарушы палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  21 қаңтар 2020, 10:47 2 466 рет қаралды