Атырау, 29 желтоқсан 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

​Бағдатта АҚШ елшілігінің маңына үш зымыран құлады

2 019 рет қаралды


21 қаңтарға қараған түні Бағдадтағы АҚШ елшілігінің маңына үш зымыран құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы агенттікке Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөз айтты.  

"Елшіліктен әуе апаты сигналы естілді", - деді ол. Оның айтуынша, шабуыл салдарынан қаза тапқанда жоқ екен. Еске салайық, 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққыларын жасаған. Олар бұл әрекетін "Әл-Кудс" арнайы бөлімшесінің қолбасшысы генерал Касем Сулейменидің көзін жоюға берілген жауап деп түсіндірген. Кейінірек Иран байқаусызда жолаушылар ұшағын атып құлатқанын мойындады. 176 адам қаза тапты.

Дереккөз: Tengrinews.kz


21 қаңтар 2020, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.