Атырау, 25 сәуір 00:36
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​"Қазақмыс" бас директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды

Бейнежазба
2 483 просмотра


Кеше "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оған шабуылды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Минигуловтың арқасына пышақ жарақатын салған. Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған. "Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М.Минигулов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар. 


Сондай-ақ оқиға орнынан видео пайда болды. "Жедел жәрдем бригадасы кәсіпорыннан пышақ жарақатымен екі адамды ауруханаға жеткізді. Олардың біреуіне операция жасалды. Екіншісіне көмек көрсетілді. Екеуі де "Қазақмыс" компаниясының медициналық орталығында", - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 қаңтар 2020, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.