Атырау, 26 қараша 16:40
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Трамптың адвокаттары Сенат айыптауларын негізсіз деп таныды

2 308 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамптың адвокаттары импичмент мәселесі бойынша Сенатқа ресми түрде жауап берді. Бұл туралы Politico басылымы хабарлады. 

Адвокаттар президентке тағылған айыптаулар жөнінде 110 беттік құжат ұсынып, сенаттың мәлімдемесін «қауіпті және үстірт» деп бағалаған. Адвокаттардың айтуынша, Трамптың заң бұзғанын дәлелдейтін айғақ жоқ және президент Украинамен қарым-қатынас жасаған кезде АҚШ мүддесіне сай әрекет еткен. Осыған дейін Ақ үй басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Мен күн сайын орын алып отырған жағдайларды есепке ала отырып, мұны импичмент емес, төңкеріске қадам дей аламын. Яғни халықтың билігін, олардың бостандықтарын, дінін, Қарулы Күштерді, Мексикаменшекарадағы қабырғаны және жалпы Америка Құрама Штаттары азаматтарының құқықтарын шектеу», – деп жазған болатын. 

АҚШ-та импичмент дауы Трамптың 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгімесінен соң туған. Америкалық басылымдар Трамп 2020 жылы өтетін сайлауда бәсекелесі болуы ықтимал Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға Зеленскийді мәжбүрлемек болған деп жазды. Кейіннен демократтар Трампты «қызметін асыра пайдаланды» деп айыптады. Аталған мәселеге байланысты АҚШ президентіне қарсы импичмент процесін бастаған демократтар Трамптың адвокаты Руди Джулианиді сотқа шақырған. Олар Дональд Трамптың Украинамен арадағы электронды жазбаларына, телефон қоңырауларына, смс-хаттарына қатысты мәліметтерді сұрап отыр. Руди Джулиани: «Импичментке қатысты тергеуді Өкілдер палатасының тінту комитеті жүргізіп отыр. Демократ Адам Шифф алдын ала барлығын шешіп қойған. Сондықтан оларға көмектесемін деп айта алмаймын. Дегенмен, Трамп менің түсініктеме бергенімді қаласа, әрине келісемін», – деген. 

Негізінен Трампқа импичмент жариялау туралы тақырып АҚШ-та былтыр қарашада өткен Конгресске аралық сайлау кезінде талқыланған. Бірақ, бұл шешім республикалық сенаторлар қолдауынсыз айтарлықтай мағынаға ие болған жоқ. Себебі, импичмент жариялау үшін барлық сенаторлар 2/3 бөлікте дауыс беруі тиіс. АҚШ президентінің мақұлдау рейтингісі – Ақ үй қарамағындағы партиялардың деңгейін анықтау үшін арналған. Дональд Трамп рейтингі соңғы уақытта 40%-дық көрсеткішке жетті. Салыстырмалы түрде, Барак Обаманың рейтингі 2010 жылғы аралық сайлау алдында 45%-ды құраған болатын. Яғни елдегі қарсылықтарға қарамастан, мемлекет тарапынан Трамптың көрсеткіші жоғары бағаланған.  

Дереккөз:Qazaqtimes.com

21 қаңтар 2020, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.