Атырау, 23 қараша 13:39
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Орталық көпір: сүйіктісіне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады

Бейнежазба
3 730 просмотра


Спойлер: қыз келісімін берді.

Орталық көпір жабылғалы қалалықтар көпірді өздерінің қысқы кештерін өткізетін көңілді орынға айналдырып үлгерген. Өткен жылы бос уақытты спорт кешені маңындағы жағажайда орнатылған мұз төбешіктерде, шаналар мен басқа да қысқы ойын құралдарын жалға алып, қысқы ойындар өткізу ұйымдастырылған еді, ал биылғы жылы ауа райы ондай шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік бермей тұр.

Қалауын тапса, қар жанар дегендей, атыраулықтар орталық көпірдің жабылғанын пайдаланып, жас-кәрісіне қарамастан осы жерге келіп, қыс қызығын сезініп жатыр. Жақында, мәселен, Teddy  қонжығының костюмін киген аниматорлар өткен-кеткен адамдарды құшақтап жүрді. Бұл бәрінен бұрын балаларға қызық болды.

Ал кеше түнде көпір екі жағалауды ғана емес, екі жүректі де біріктірді. Жас жігіттің ұсынысына қыз «ИӘ!» деп жауап берді.


Жалпы, қала билігіне бұл жағдайдан ұпай жинап алуына болар еді, мәселен, көпірдің екі жағына ыстық фастфуд пен сусындары бар шағын вагондар орнатса: бірден көз алдыңызға бетіне маршмеллоу және қант жүрекшелері себілген стакандағы какао елестейді ме? Немесе шана мен пластикалық мұз сырғанағыштарды жалға беруді ұйымдастыруға болады.  

Бірақ олардың мұнымен шаруалары жоқ секілді, сондықтан да өзіміз қолға алайық! 

Анастасия АЛЮШИНА

Бейнежазба @atyrauoil.official

21 қаңтар 2020, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.