Атырау, 26 қараша 16:34
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Еуроодақ бет-әлпетті тану жүйесіне тыйым салмақ

2 013 просмотра


Еуропалық комиссия қоғамдық орындарда бет-әлпетті тану жүйелерінің қолданылуына бес жылға дейін тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. 

Комиссия бұл технологияның қандай зиян келтіруі ықтималдығын анықтап алмақ. Жаңа технология бейнебақылауда полиция іздеп жатқан адамдарды табу үшін адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік береді. Тыйым тек қауіпсіздік жобалары мен зерттеу жұмыстарына салынбайды. Комиссия бет-әлпетті тану жүйелерін жасаушыларға да, пайдаланушыларға да жаңа міндеттер беруді ұсынды. 

Сонымен қатар Еуроодақ елдерін жаңа ережелерді бақылайтын орган құруға шақырды. Ал Қытай керісінше, мұндай жүйені дәріханаларға қойып жатыр. Осылайша, психотропты дәрілерді сатып алушылар бетін сканерлеу арқылы өзінің кім екенін көрсетуі керек.


Дереккөз: Inform.kz

21 қаңтар 2020, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.