Атырау, 26 қараша 16:34
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға байланысты шұғыл жиын өткізбек

3 258 просмотра


Сәрсенбі күні Қытайда коронавирустың таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар комитетінің шұғыл жиналысы өтеді. Бұл туралы ұйымның ресми Twitter-аккаунты хабарлады.

"Комитет кездесуді сәрсенбі, 22 қаңтар күні Женевада өткізеді. Бұл жиын аурудың таралуы қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық масштабтағы төтенше жағдай саналатынын не саналмайтынын анықтау үшін өткізіледі", - делінген ақпаратта.

Былтырғы жылдың соңында Қытай Халық Республикасының билігі Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралғаны туралы хабарлаған болатын. Зерттеулердің алдын-ала нәтижелері бойынша, індет коронавирустың жаңа түрінен (2019-nCoV) пайда болған.

20 қаңтардағы жағдай бойынша, белгісіз пневмония жұқтырғандар саны 218-ге жеткен, олардың басым көпшілігі – Уханьда, бесеуі – Бейжіңде, біреуі – Шанхайда, он төрті – Гуандун провинциясында тіркелген. Қазір вирус Қытайдың тыс жерде де тарап жатыр. Жұқтыру оқиғалары Оңтүстік Корея, Жапония мен Таиландта тіркеліп үлгерген.

Дереккөз: Sputniknews.kz

21 қаңтар 2020, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.