Шавкат Мирзиеев Еуразиялық экономикалық одақта Өзбекстанның тарапынан айтылғандарға қатысты өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Kun.uz.
"Интеграция туралы пікір айтуға рұқсат етіңіз. Біздің көптеген азаматтарымыз шет елдерде жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресей. Біз бұған немқұрайлы қарай алмаймыз. Бір нәрсені біліңіз. Ешкім ешқашан ешкімге тәуелсіздікті бермейді. Тәуелсіздік ел сенетін Президенттің қолында. Біз бұл одақтың мүшесі болмаймыз", - деді Шавкат Мирзиеев. Өзбекстан басшысы елде екі миллиард долларға жеміс-жидектер мен көкөністерді өңдеу үдерісі басталғанын айтты. "Дайын өнімді қайда жібереміз. Кім бізді күтіп тұр? Дұрыс, Еуропада қымбат, бірақ стандарттар жасау керек", - деді ол.
Шавкат Мирзиеев өзінің бақылаушы екенін яғни мүшесі еместігін атап өтті. "Біз қандай артықшылықтары мен кемшіліктері барын көреміз. Біз Владимир Владимировичпен (Путин - авт. түсіндірмесі) Санкт-Петербургте көптеген мәселелер бойынша келісімге келдік. Не істесек те біз ұлттық мүддене ескере отырып істеймізге сенімді болыңыздар", - деп түйіндеді Өзбекстан президенті. Сенат төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафаев Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесін үш жылдан бері зерттеп келе жатқанын айтты.
Дереккөз: Tengrinews.kz