Атырау, 24 сәуір 19:32
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Барлық жаңалықтар

Балық комбинаты: алыптың орны ойсырап жатыр Басқа жаңалықтар

Балық комбинаты: алыптың орны ойсырап жатыр

Балық өнеркәсібінің бұрынғы көшбасшысы «Атырау Балықты» сонау қиын-қыстау 90-жылдары алдымен арзан бағаға жекешелендіріп, бүкіл «сөлін» шығарып алды да, содан соң кері мемлекетке қайта сатты. Оның ісін жалғастырушы «ЖайықБалық» КМК-нің мүлігі не болды және өндірістік цехтары бар алып аумақтың тағдыры не болып жатыр? 11 мамыр 2017, 00:00 8 419 просмотра
«Барлық жастағы 800 адам баскетбол ойнады. Бұл жаман ба?» Спорт

«Барлық жастағы 800 адам баскетбол ойнады. Бұл жаман ба?»

Сәуірде Атырау облысының мектеп, студенттік және әуесқой баскетбол лигасының чемпионаты аяқталды. Сайыстың қалай өткені туралы облыстық баскетбол федерациясының бүкіл үш лигасының кураторы Еркін ТӨЛЕГЕНОВ (суретте) әңгімелейді. 11 мамыр 2017, 00:00 3 202 просмотра
Марат Жыланбаев: «Адам ең төзімді мақұлық» Басқа жаңалықтар

Марат Жыланбаев: «Адам ең төзімді мақұлық»

Әлем рекордтары сериясының иегері, алғашқы және бірден-бір супермарафоншы, Азияның, Австралияның, Африка мен Американың ірі шөлдерінен жүгіріп өткен әлемдегі ең мықты әрі төзімді адаммен кездесуге шыққан едім. Мен де стереотиптің құрбаны болып, оның жанынан өтіп кеттім. Отельдегі фойенің ортасында жан-жағыма көз тастап тұрмын. Жанымда тұрған орта бойлы, тарамыс келген, бірақ шымыр деуге келмейтін ер адам  ақырын ғана: «Сізге қай жерде сөйлескен ыңғайлы?» деді. Сол кезде ғана аңыз адам Марат ЖЫЛАНБАЕВТЫҢ осы кісі екенін аңғардым. 10 мамыр 2017, 19:50 7 105 просмотра
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

32 жастағы әйел ҚІІБ-на 9 мамыр күні күндіз белгісіз біреулер мереке қарсаңында оның Канцев көшесіндегі пәтеріне кілт салып, теледидарды, кілемдерді, ыдыс-аяқтарды және тіпті жапқыштарды алып кеткендігі туралы арыз түсірді. Шығын көлемі 363 мың теңгені құрады. Тергеу жүргізілуде. 10 мамыр 2017, 17:25 3 399 просмотра
Түркия: АҚШ Сириядағы күрдтерді қолдаудан бас тартады деп үміттенеміз Әлемде

Түркия: АҚШ Сириядағы күрдтерді қолдаудан бас тартады деп үміттенеміз

Түркия АҚШ сириялық күрдтерді қолдауын доғарады деген үмітін білдірді. Түркия вице-премьері Нуреттин Чаникли бүгін Анкара "іргесінде Түркияның болашағына қауіп төндіретін террористік ұйымның болғанына төзе алмайтынын" және Вашингтонның дұрыс емес саясаттан бас тартады деп үміттенетінін мәлімдеді. 10 мамыр 2017, 16:37 2 247 просмотра
Ақтөбеде оқушы қызға сыйланған баспанаға қатысты дау шықты Қазақстанда

Ақтөбеде оқушы қызға сыйланған баспанаға қатысты дау шықты

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шегіп, билікке үндеу айтқан оқушы қыздың көршілері олардың үйін су баспағанын мәлімдеп отыр. Аты-жөнін атағысы келмеген әйел Интернетте видеосы таралып, көпті елжіреткен қыз бен оның шешесін басқа біреудің су алған үйінің фонында видео түсіріп, қолданып кетті дегенді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнежазба 10 мамыр 2017, 14:58 2 990 просмотра
Дональд Трамп ЭКСПО-ға келе алмайды - Джордж Крол  Қазақстанда

Дональд Трамп ЭКСПО-ға келе алмайды - Джордж Крол

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Крол Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде ашылатын Американың павильоны жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 10 мамыр 2017, 14:53 1 808 просмотра
«Ақтөбе - Мақат» автомобиль жолын жөндеуге халықаралық қаржы институттары тартылады  Қазақстанда

«Ақтөбе - Мақат» автомобиль жолын жөндеуге халықаралық қаржы институттары тартылады

«Ақтөбе - Мақат» автомобиль жолы Азия Даму Банкi, Ислам Даму Банкi мен мемлекет қаржысына жөнделедi. Бұл туралы Мәжiлiстiң жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 10 мамыр 2017, 11:37 3 096 просмотра
Бекболат Тілеуxан қаржы пирамидасының қызметін бақылауға алуды сұрады  Қазақстанда

Бекболат Тілеуxан қаржы пирамидасының қызметін бақылауға алуды сұрады

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуxан палатаның пленарлық отырысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа жолдаған депутаттық сауалында Questra World қаржы пирамидасының қызметін бақылауға алуды сұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.  10 мамыр 2017, 11:30 2 107 просмотра
БАҚ: АҚШ Сириядағы күрдтерді қаруландыратын болды Әлемде

БАҚ: АҚШ Сириядағы күрдтерді қаруландыратын болды

БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ Сириядағы басты оппозициялық күрд топтарына қару-жарақ жеткізетін болды. АҚШ пен Түркия президенттерінің кездесуіне бірнеше күн қалғанда қабылданған бұл шешім Анкараның ашуын келтіруі әбден мүмкін. Бірқатар агенттік АҚШ билігіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап, Ақ үйдің 9 мамырда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының Сириядағы орталығы - Ракка қаласы үшін шайқас алдында Күрдтердің халықтық қорғаныс құрылымы жасақтарын қаруландыруды мақұлдағанын хабарлады. Содырлардың орталығы саналатын Ракканы қазір оппозиция әскері қоршап тұр. 10 мамыр 2017, 11:14 2 227 просмотра
Ұлттық валюта мереке күндерінен кейін әлсірей түсті  Қазақстанда

Ұлттық валюта мереке күндерінен кейін әлсірей түсті

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 318,42 теңгеге тең болды. 10 мамыр 2017, 10:32 3 314 просмотра
Трамп Вашингтонда Лавровпен кездеседі Әлемде

Трамп Вашингтонда Лавровпен кездеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп 10 мамырда Ақ үйде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Сирия дағдарысын және басқа халықаралық мәселелерді талқылайды деп хабарлады 9 мамырда Ақ үй өкілдері. Дональд Трамп қызметіне кіріскен қаңтардан бері Ресей билігі өкілімен бірінші рет кездесейін деп отыр. 10 мамыр 2017, 09:47 2 179 просмотра
Қазақстан жыл сайын жемқорлықтың кесірінен 3,8 млрд доллар жоғалтады Қазақстанда

Қазақстан жыл сайын жемқорлықтың кесірінен 3,8 млрд доллар жоғалтады

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, инновациялық әлеуетті қалыптастырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекелестікті дамытудың және «көлеңкелі» экономиканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Егер Қазақстан мысалында осындай есептеулер жүргізсек, онда жыл сайынғы әлеуетті шығындар 3,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Елбасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасында» айтылған, деп хабарлайды BNews.kz. 10 мамыр 2017, 09:37 2 637 просмотра
ФИФА футбол тарихындағы ең қымбат транферге қатысты тергеуді бастады  Әлемде

ФИФА футбол тарихындағы ең қымбат транферге қатысты тергеуді бастады

ФИФА туриндік «Ювентустан»  ағылшынның «Манчестер Юнайтед»  клубына ауысқан футбол тарихындағы ең қымбат трансфер Поль Погбаға қатысты тергеу жүргізуде. Бұл туралы ұйымдағы дереккөзге сілтеме жасап France Presse агенттігі хабарлады.  10 мамыр 2017, 09:33 2 326 просмотра
Серік Ахметовтің мемлекетке 17 миллион теңге шығын келтіру ісі бойынша апелляциясы ай соңында қаралады  Қазақстанда

Серік Ахметовтің мемлекетке 17 миллион теңге шығын келтіру ісі бойынша апелляциясы ай соңында қаралады

Қарағанды облыстық соты 31 мамырда елдің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің апелляциясын қарайды. Айта кетейік, Ахметов мемлекетке 17 миллион 310 мың мың теңге шығын келтірді деген сот шешіміне қарсы шығып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  10 мамыр 2017, 09:27 2 476 просмотра
Трамп FBI директорын қызметінен босатты Әлемде

Трамп FBI директорын қызметінен босатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының (Federal Bureau of Investigation - FBI) директоры Джеймс Комиді қызметінен босатты. Бюро Трамптың сайлауалды штабы мүшелерінің Ресеймен байланыстарын тексеріп жатқан. "Президент бас прокурор мен оның орынбасарының FBI директорын қызметінен шеттетуге қатысты ұсыныстарын ескерді" деп мәлімдеді журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер. Президент әкімшілігі енді бюроға дереу жаңа басшы іздей бастайды. 10 мамыр 2017, 09:25 1 971 просмотра