Атырау, 5 мамыр 09:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Азықты тек жақын жерден алуға болады

3 421 просмотра

Атырауда карантин мерзімін ұзарту туралы өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік ШАПКЕНОВ, қала әкімінің орынбасары Ринат ЖАНГЛИШОВ, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ және ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Әлібек ҚАЙЫРОВ бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 сәуірдегі қаулысын түсіндірді. Кеше осы қаулыға қатысты халықтың арасында түсінбеушілік туындап, әуре-сарсаңға түскен болатын.

- Егер біз ең қатаң шара қолданбасақ, вирус тарай береді. Біздің мақсатымыз – оны тоқтату, - деп мәлімдеді алдымен Т. Мұсағалиев.

Барлық алдыңғы шектеулер мен тыйымдар күшінде қалады, ал қазір барлық ұйымдардың (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұруды ұйғардық. Тек ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі штабпен келісілген  ұйымдар жұмыс жасайтын болады.

- Бұл ретте қызметі тоқтатылмаған ұйымдардың басшылары қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге барынша көшіру және оларды тек қызметтік көлікте тасымалдауды қамтамасыз етуі қажет. Өндірістік нысандарға тамақ жеткізу үшін жеке автокөлікті пайдалануға да тыйым салынады, - деп атап өтті Мұсағалиев.

Азаматтардың жұмысқа шығуына, үйіне жақын жерден ғана азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші кезекте қажетті заттарды алуға, қауіпті  көрсеткіштер бойынша медициналық көмекке жүгінуіне байланысты жағдайларда 06:00-ден 20:00-ге дейін (бұрын 21.00-ге дейін болған) жүруге болады. Үйінен тыс жерде жүргенде маска киіп, бір рет қолданылатын қолғапты пайдалану қажет.

Шапкенов:

- Барлығыңыздан өтінемін – тек ресми ақпаратқа сеніңіз. Біз барлық ресми хабарламалар жарияланатын арнайы stopcoronavirus.kz сайтын іске қостық. Қандай жағдай болмасын, азық-түлік сататын дүкен мен базар жабылмайды.

 

Нені ескеріп жүрген жөн? (ең басты мәселелер бойынша).

- Жұмысқа өз атына тіркелген жеке автокөлікпен баруға болады және жұмыс орнынан анықтама мен жеке куәлігі болуы тиіс;

- қоғамдық көлік пен такси қозғалысына тыйым салынады;

- карантинге пайдаланатындардан басқа қонақ үй, шипажай қызметіне тыйым салынады;

- қоғамдық орын, саябақ, жағалау, ойын алаңдарына баруға тыйым салынады.;

- азық-түлік сатып алуға қаланың бір бөлігінен екінші бөлігіне баруға болмайды. Қала полиция  мен мобильдік топтар тәртіп сақтау үшін шолып жүретін 11 секторға бөлінген;

- егер адам бір жерде тіркеліп, басқа жерде уақытша тұратын болса, онда уақытша тіркелуі керек, әйтпесе  әкімшілік жауапкершілікке тартылады;

- банк жұмысын жалғастырады, бұл ретте келушілер үшін барлық жағдай жасалуы тиіс (қашықтық және т.б. сақтау). Әйтпесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Барлық спикерлер азаматтарды қауіпсіздік пен санитарлық талаптарды сақтауға, өзін-өзі бақылауға және қабылданатын шараларға түсіністікпен қарауға шақырды. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

16 сәуір 2020, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.