Атырау, 18 мамыр 13:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін сауықтыру бойынша сараптама кеңесін құрады

3 522 просмотра

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрі Дмитрий Кобылкинмен видеобайланыс арқылы кеңес өткізді.

"Орал өзенін сауықтыру жөніндегі сарапшылық кеңес құру туралы шешім қабылдаудың сəті түсті. Бұл ретте ғалымдар өзеннің экожүйесін сауықтыру жəне су арнасын болжамдау жөніндегі сұрақтар бойынша жұмыс істейді. Органның құрамын 20 сəуірге дейін анықтайтын болып келістік" дейді Мырзағалиев twitter-дегі парақшасында.

Бұдан басқа, министрлер Жайық пен Ертіс өзендерін сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыру туралы талқылаған.

"Президент тапсырысымен, Жайық жəне Ертіс өзендерін эко-сауықтыру бағдарламасын, Жайық өзенінің гидрологиялық режимін тексеру мəселесін талқыладық. Қаз-ресейлік салалық комисия шеңберінде оны жүзеге асырмақпыз. Аталған жұмыс трансшекаралық су нысандарының экоахуалын жақсартуға арналған".

16 сәуір 2020, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.