Атырау, 14 қыркүйек 22:23
 дождьВ Атырау +27.4
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Атырауда Грузиямен серіктестік жаңа деңгейге көтеріледі

Сурет
113 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Қазақстандағы Грузияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидземен жүздесті. 

Әңгіме барысында сауда‑экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуде Қазақстан мен Грузия арасындағы достық әрі сенімге негізделген қарым‑қатынастың маңызы атап өтілді. Бүгінде Атырау облысында грузин капиталы бар 18 компания сауда, құрылыс, логистика және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.

— Біз бірлескен жобаларды іске асыруға, өндірістерді жергіліктендіруге және кәсіпкерлер арасында жаңа байланыстар орнатуға дайынбыз, — деді Болат Ақшолақов.

Тараптар қазанда өтетін инвестициялық форумға да тоқталды. Оның негізгі бағыты — агроөнеркәсіп кешенін дамыту, майлы дақылдар өсіру, азық базасын нығайту және дәстүрлі тағам өнімдерін өндіру.

Сонымен қатар, келесі жылы Атырауда ЮНЕСКО қолдауымен Дүниежүзілік балалар форумын өткізу жоспарланып отырғаны айтылды.

Кездесу соңында тараптар конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға және мемлекеттік, өңірлік, қоғамдық деңгейде байланыстарды нығайтуға дайын екенін растады.


Бүгін, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.