Атырау, 14 қыркүйек 22:37
 дождьВ Атырау +27.4
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

​Атырау облысында есірткіге тәуелделер қатары артты

69 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өңірлік штаб отырысы өтіп, онда нашақорлықтың алдын алу және есірткі саудасына тосқауыл қою мәселелері қаралды.

Жиында есірткіге тәуелді азаматтарды оңалту, жастар арасында профилактика жүргізу, интернет пен мессенджерлердегі есірткі бизнесін анықтау жайы сөз болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, биылғы есепте 2 481 адам тұр, оның 537‑сі есірткіге тәуелді. Жұмысқа орналастыру деңгейі шамамен 30%. Әр пациентке жеке жоспармен қолдау көрсету үшін “Бір пациент — бір бағыт” қағидатын енгізу ұсынылды.

Қала аумағында есірткі жарнамасы бар 80‑ге жуық граффити жойылып, салауатты өмір салтын насихаттайтын баннерлер мен бейнематериалдар орналастырылды.

Полиция департаменті сегіз айда 91 құқық бұзушылықты анықтап, 62 қылмысты тіркегенін хабарлады. “Дәрмек” шарасы барысында 30 тонна прекурсор мен 4 мыңға жуық есірткі және психотроптық препарат тәркіленді.

Ақшолақов профилактиканы ерте бастау қажеттігін атап өтіп, наркологиялық есептегі азаматтарды толық қамтуды тапсырды. Ол балалар мен жасөспірімдерді спортқа, еріктілікке тарту, отбасылармен психологиялық жұмыс жүргізу және бақылаудағы азаматтарды жұмысқа орналастыруды күшейту керегін айтты. Сонымен қатар құқық қорғау органдарына интернеттегі есірткі арналарын қатаң бақылауды жүктеді.

Бүгін, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.