Атырау, 23 желтоқсан 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматылық дәрігерлер Молдағасымованы сотқа беріп жатыр

3 691 рет қаралды

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі Гауһар Әміреева мен 33 қызметкер атышулы мәлімдеме жасаған қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымованы сотқа беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінің атынан мен Молдағасымованы сотқа беремін. Қазіргі уақытта адвокаттар сотқа дейінгі шағымды дайындап жатыр", - деді Гауһар Әміреева.

Еске салайық, Алматының бас санитар дәрігері орталық ауруханада дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына медицина қызметкерлерінің өзі кінәлі екенін мәлімдеген болатын. Молдағасымованың айтуынша, дәрігерлер сақтық шараларын ұстанбаған.

Кейінірек денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл жағдайға пікір білдірген еді. 

16 сәуір 2020, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.