Атырау, 14 қыркүйек 18:32
 дождьВ Атырау +31.7
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

​Бояусыз әрі қылқаламсыз: Атырауда Рыбакинаның ерекше портреті салынды

Бейнежазба
50 рет қаралды

Атырау тұрғыны Аслан Жазиков жаңа жұмысын әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакинаға арнады. Қазақстандық теннисшінің портретін ол өз автокөлігінің шаң басқан артқы әйнегіне салып шықты.

Спортшының бейнесінің жанына суретші «Elena Rybakina», «Champion» және «No 1» деген жазулар қалдырған. Атыраулық азамат теннисшіні тарихи жетістігімен осылай құттықтауды ұйғарды.

Аслан Жазиков өзінің ерекше жұмыстарымен бұған дейін де танылған еді. 2024 жылы Елдос Сметов Олимпиада ойындарында жеңіске жеткеннен кейін, ол дзюдошының портретін тек сіріңке мен мақта таяқшасын пайдаланып, көлік әйнегіне салған болатын.

Бұған дейін атыраулық тұрғын Геннадий Головкиннің, Шавкат Рахмоновтың, Серік Бибосыновтың және қақпашы Темірлан Анарбековтің де портреттерін жасаған.

Жазиковтың автокөлік шаңына салған алғашқы жұмысы 2016 жылы ағылшынның «Лестер Сити» футбол клубы чемпион атанғаннан кейінгі оның эмблемасы болды. Фотосурет әлеуметтік желіде кең тарап, кейіннен BBC-де Қазақстаннан шыққан белгісіз жанкүйердің жұмысы ретінде жарияланды.

Мамандығы бойынша Аслан Жазиков — бағдарламашы. Ол сурет салуды өзінің сүйікті ісі деп атайды және жаңа жұмыстарын шабыт келгенде жасайды.


Бүгін, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.