Атырау, 26 қараша 09:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Италияда дүкендер жұмыс істей бастады

2 956 просмотра

Италияда кітап, кеңсе заттары мен балалар дүкендері қайта іске қосылды.

Сондай-ақ елдің бірқатар өңірінде шектеу шаралары жеңілдетілді. Себебі Италияда жұқтырғандардың жаңа дерегі төмендеген.

Бұл орайда бір ай бойы бизнесі тұралап қалған, кәсіпкерлер қуанып жатыр. Ал қауіпті кеселден ең қатты зардап шеккен Ломбардии мен Пьемонт өңірлерінде қауіпсіздік мақсатында дүкендер әлі ашылмайды. Жалпы алдағы уақытта Италия үкіметі коронавируспен күрестің екінші фазасын жарияламақ. 

Бұл ел экономикасын қайта қалыпқа келтіруге бағытталған. Айта кетейік, Италияда кеселді 165 мыңнан астам адам жұқтырған. 20 мың тұрғын індеттен көз жұмды. 

Дереккөз: 24.kz

16 сәуір 2020, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.