Атырау, 18 желтоқсан 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​«Азық қоры бар, биылғы өнімді де күтеміз»

3 662 просмотра

«АЖ» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорына жауапты «Атырау ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек АЛТЫНБЕКОВКЕ бірнеше сауал қойды.

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін облыс бюджетінен қанша қаражат бөлінді? Олар қашан және қандай көлемде сатып алынады?

- Өңірдің тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша қызметтерге ауыл шаруашылығы басқармасы 500 млн теңге бөлді. Қазір қаланың 4 базары – «Дина», «Сарайшық», «Насиха» және «Көктемде» – нарықтан 20-30% төмен бағамен 394,9 тонна ауыл шаруашылық тауарлары сатылды. Қаланың 9 наубайханасына «әлеуметтік» нан өндіруге 872 тонна бірінші сұрыпты ұн сатылды.

Қорда 188 тонна бірінші сұрыпты ұн, 48,9 тонна картоп, 20,1 тонна сәбіз, 5,2 тонна қырыққабат бар. Сонымен қатар, пияз бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті шаруа қожалығымен нарықтық бағадан 13%-ға төмен бағамен жеткізуге меморандум жасалды.

- Қордағы азық бітуі жақын. Алдағы уақытта  немен толтырасыздар?

- Жоғарыда көрсетілген көлем облыс тұрғындарын мамыр айына дейін төмен бағалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді, ал одан әрі біз 2020 жылғы өнім есебінен азық-түлік жеткізіледі деп күтіп отырмыз. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 сәуір 2020, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.