Атырау, 25 сәуір 19:32
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда әскери міндеттілер шақырту алды

Сурет
3 554 просмотра

Атырау облысы әкімінің шешімімен әскери міндетті азаматтардың қатарынан ерікті 68 адам арнайы әскерге шақырылды.

Бұған дейін олар медициналық комиссиядан өтті.  Есепте тұрған мамандығы бойынша шақырылғандар үш бөлімшеге бөлінді: госпитальдық бөлімше, биологиялық қорғау взводы және атыс взводы. Негізгі міндеттері – коронавирустың таралуының алдын алу бойынша жедел штаб жұмысына қатысу, блок бекетте қызмет атқару, қала аумағында дезинфекция жүргізу, инфекция ошағы деп белгіленген объектілерді күзету және медициналық қамтамасыз ету. Жиын 10 сәуірден 10 мамырға дейін өтеді, бірақ жағдайға байланысты үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.

«Батыс» әскерлері қолбасшысы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша шақырылғандардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақталады, оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыссыздарға мемлекет есебінен 42 500 теңге мөлшерінде ең төменгі жалақы тиесілі. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 сәуір 2020, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.