Атырау, 14 наурыз 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда елге оралушылар үшін Амстердам рейсі әлі қатынайды

2 970 рет қаралды

Атырау әлі күнге дейін Амстердамнан келетін арнайы әуе рейсін қабылдауда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік ШАПКЕНОВ карантинді ұзартуға қатысты онлайн өткен брифингте мәлімдеді.

- Біз шетелде жүрген қазақстандықтарға отанына оралуға мүмкіндік беруге тиістіміз. Сондықтан Амстердам-Атырау рейсі отандастарымызды тасымалдауда. Тиісінше, шетелдіктер осы рейс арқылы өз елдеріне жетуге мүмкіндік алады, - деді әкім орынбасары.

Бұл рейс штабтың рұқсатымен орындалады. Шапкенов атап өткендей, ұшып келген барлық жолаушы сол бойда тест-сынама тапсырып, карантинге жіберіледі.

Бұдан басқа, Атырау халықаралық әуежайы жүк рейстерін де қабылдайды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

16 сәуір 2020, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.