Атырау, 15 қазан 11:28
 дождьВ Атырау +15.6
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Атырауда жылу беру маусымы 20 сәуірге дейін ұзартылды

4 052 рет қаралды

Бұл туралы брифингте қала әкімінің орынбасары Ринат ЖАНГЛИШОВ мәлім етті. Мұндай шешім елдегі төтенше жағдайға және тұрғындардың өтінішіне байланысты қабылданды.

- Нормативке сәйкес, егер орташа тәуліктік ауа температурасы 3 күн бойы 8 градустан жоғары болса, жылу беру тоқтатылады. Бізде соңғы күндері осылай болды, сәйкесінше 15 сәуірде жылы беру маусымы жабылуға тиіс болатын. Бірақ әкімнің шешімімен ТЖ байланысты оны тағы 5 күнге, яғни 20 сәуірге дейін ұзартылды,  - деді Жанглишов.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 сәуір 2020, 23:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.