Атырау, 5 мамыр 09:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Карантин: Атырауда жеке көлікпен жүруге тыйым салынды

5 851 просмотра

Атырауда карантин мерзімі 2020 жылғы 1 мамыр, 07.00 сағатқа дейін ұзартылуына байланысты жеке автокөлікпен қала ішінде жүруге тыйым салынды.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов осы мәселе бойынша қосымша түсінік берді.     

- Атырау облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин кезінде жұмыс жасауға рұқсат етілген кәсіпорындар персоналды алып жүруді тек қызметтік көлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Жеке автокөлікті пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұның ішіне азық-түлік дүкендеріне тауар жеткізетін, дәріханалар желісіне дәрі мен медициналық өнімдер, қоғамдық тамақтану орындарынан (ресторан, бар, асхана және басқалары) онлайн жеткізумен айналысатын көліктер кірмейді, - деді С.Шапкенов.

Сонымен қатар, автокөліктің әрбір жүргізушісі өзімен бірге қажетті құжаттарды алып жүруі тиіс – ұйыммен келісім-шарт және анықтама, жеткізу мекен-жайы, жеке куәлігі, тауар тасуға рұқсатын растайтын басқа да құжаттар. 

Сондай-ақ, әкімнің бірінші орынбасары атап өткендей, ерекше жағдайларда жеке автокөлікті пайдалануға құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құқық беріледі.

- Егер бәрі өзінің көлігімен жүретін болса, карантин енгізудің мәні болмайды. Ертеңгі күннен бастап карантиндік режим күшейеді. Қаланың өмірін қамтамасыз ететіндерден басқалар толық оқшауланады. Барлығыңызды бұған түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауды сұраймын, - деп атап айтты С.Шапкенов.

Полиция қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін, ҚР ӘҚБК-нің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін) әкімшілік айыппұл немесе әкімшілік қамау шарасы қолданылады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған көлікті айыппұлдық автотұраққа жібере алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

16 сәуір 2020, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.