Атырау, 14 қыркүйек 22:23
 дождьВ Атырау +27.4
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Дрон шабуылдары азайған соң Қазақстан мұнайының экспорты артты

91 рет қаралды

Тамызда Каспий құбыр консорциумы жүйесімен Қазақстан мұнайының экспорты шілдемен салыстырғанда 25%-ға өсіп, 5,7 млн тоннаға жетті.

Өсімге Қара теңіздегі танкерлерге жасалған шабуылдардың азаюы және терминал жұмысының тұрақтануы ықпал етті. Жалпы экспорт көлемі ай ішінде 22%-ға артып, 6,288 млн тоннаға (шамамен тәулігіне 1,6 млн баррель) жетті, деп хабарлайды Reuters.

Негізгі үлесті қазақстандық мұнай құрады, ал ресейлік шикізат экспорты 4%-ға төмендеді. Шілдеде бірнеше рет дрон шабуылдарына байланысты тиеу тоқтаған еді. Кейін Украина КҚК инфрақұрылымына және негізінен қазақстандық мұнай тасымалдайтын шетелдік кемелерге шабуыл жасамауға келісім бергені хабарланды.

Дегенмен қаңтар–тамыз аралығында КҚК арқылы тасымал көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға азайып, 44,8 млн тоннаны құрады. Қыркүйекте экспорт қайтадан төмендеуі мүмкін, себебі Қарашығанақ кен орнында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады.

Қазақстан мұнай экспортының 80%-дан астамы КҚК арқылы өтетіндіктен, терминалдағы кез келген тоқтау елдің өндірісіне және экспорттық кірісіне тікелей әсер етеді.

Бүгін, 21:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.