Атырау, 20 сәуір 04:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Барлық жаңалық

ТЖД қызылқоғалықтарға қырағы болуды өтінеді: су басу қаупі бар Атырауда

ТЖД қызылқоғалықтарға қырағы болуды өтінеді: су басу қаупі бар

«Казгидромет» РМК хабарлауынша, 15-17 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алқаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Қызылқоға ауданындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Елді мекендерді су басу қаупі туындауда.  Атырау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдары қажетті барлық шараларды атқаруда. 16 наурыз 2023, 00:19 1 252 рет қаралды
Атырау «өмір сүру рейтингінде» көшбасшылардың бірі болды Атырауда

Атырау «өмір сүру рейтингінде» көшбасшылардың бірі болды

Экономикалық зерттеулер институтының (Economic Research Institute – ERI) 2022 жылға арналған мәліметтері бойынша, біздің қала – Астанамен тепе-тең боп тұр. Рейтинг «Экономика және бизнес», «Адам ресурстары» және «Инфрақұрылым» деген үш факторды қамтыды. 15 наурыз 2023, 16:40 1 329 рет қаралды
Атыраулық құтқарушылар көршілерге көмекке аттанды Атырауда

Атыраулық құтқарушылар көршілерге көмекке аттанды

14 наурызда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 49 қызметкері 9 бірлік техника мен 3 үрмелі қайық және 7 мотопомпамен Батыс Қазақстан облысына елді мекенді су басуына байланысты көмекке аттанды. 15 наурыз 2023, 15:54 1 425 рет қаралды
Қызылша ауруын жұқтырғандар саны артуда Атырауда

Қызылша ауруын жұқтырғандар саны артуда

Жыл басынан бері елімізде қызылша жұқтырды деген күдікпен 56 науқас тіркелген. Оның 20-сы зертханалық түрде расталған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА мәлім етті. Атырау облысынанда қызылшаға күдікті 4 жағдай тіркеліп, 2-еуі дәлелденген. Соңғы рет өңірімізде бұл ауру 4 жыл бұрын тіркелген. 15 наурыз 2023, 15:27 1 416 рет қаралды
Қызылқоғадағы «қауіпті аймақтарға» тікұшақтан шолу жасалды Атырауда

Қызылқоғадағы «қауіпті аймақтарға» тікұшақтан шолу жасалды

13  наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ және ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрлан ЖАҢАБАЕВ Қызылқоға ауданының су басу қаупі бар аумақтарына әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Бейнежазба 15 наурыз 2023, 04:38 1 094 рет қаралды
Атырау облысында қанша үміткер «мәреге» жетпей жарыстан шеттетілді Атырауда

Атырау облысында қанша үміткер «мәреге» жетпей жарыстан шеттетілді

51 жастағы кәсіпкер Бекболат ЛАТИПОВ Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерліктен «компания акцияларына ие» деген сылтаумен шеттетілді. Латипов өзін «заңсыз шеттетті» деп санайды. Ол мемлекеттік кіріс департаментіне декларацияны толық тапсырғанын және бұл акциялар жөнінде бірінші рет естіп отырғанын, мұндай акцияларды сатып алмағанын айтады. 15 наурыз 2023, 04:22 1 627 рет қаралды
Бөрібасардың мейірімді жүрегі Қоғам

Бөрібасардың мейірімді жүрегі

– Үнемі қатыгездіктің ізін көру қалай екен? Мамучар ДЖАБАСОВ жалтара иығын көтеріп: "Аяушылық болмаса, қатыгез болады ғой. Атырауда үнемі қоңырау түсетін бір аудан бар: сүйектері сынған, азулары шығып кеткен, қызылжоса қан болып жараланып, мертіккен иттер. Мұны біреулер әдейі жасайды. Содан соң оларды қиналып, азаппен өлсін деп, пайдаланылған зат секілді лақтырып тастайды» деді. Сурет Бейнежазба 15 наурыз 2023, 02:43 1 640 рет қаралды
«Бәлкім, астанадағы сессияларға "өз жерінен" ұшып барған дұрыс шығар?» Саясат

«Бәлкім, астанадағы сессияларға "өз жерінен" ұшып барған дұрыс шығар?»

Жақында Ақтауда азаматтық қоғамды ұйымдастыру және сайлау науқандарының құқықтық мәселелері бойынша екі күндік тренинг өтті. Оған ҮЕҰ өкілдері мен азаматтық белсенділер, сондай-ақ әр өңірден БАҚ өкілдері қатысты. Спикерлердің бірі ретінде сайлау науқанының сарапшысы, Грузия үкіметінің бұрынғы мүшесі, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің үзеңгілесі Дмитрий ШАШКИНИ шақырылды. «АЖ» тілшісі грузин саясаткерімен сайлаудың ашықтығы туралы ғана емес, басқа тақырыптар жөнінде де әңгімелесті. 14 наурыз 2023, 12:29 1 907 рет қаралды