Атырау, 12 қазан 09:28
 дождьВ Атырау +11.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Қызылша ауруын жұқтырғандар саны артуда

1 490 рет қаралды

Жыл басынан бері елімізде қызылша жұқтырды деген күдікпен 56 науқас тіркелген. Оның 20-сы зертханалық түрде расталған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА мәлім етті. Атырау облысынанда қызылшаға күдікті 4 жағдай тіркеліп, 2-еуі дәлелденген. Соңғы рет өңірімізде бұл ауру 4 жыл бұрын тіркелген.

Мамандар ата-аналарға міндетті түрде вакцина және ревакцина салуға шақыруда. Айта кетейік, вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған, тиімді әрі қауіпсіз. Вакцинация ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста, ақысыз, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 наурыз 2023, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.