Атырау, 28 қараша 08:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ТЖД қызылқоғалықтарға қырағы болуды өтінеді: су басу қаупі бар

1 114 просмотра

«Казгидромет» РМК хабарлауынша, 15-17 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алқаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Қызылқоға ауданындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Елді мекендерді су басу қаупі туындауда.  Атырау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдары қажетті барлық шараларды атқаруда.

ТЖД баспасөз қызметі Қызылқоға ауданының тұрғындарына мынадай үндеу таратты: «Ықтимал су тасқыны (су басу) туралы болжам алынған кезде халықты сиреналардың көмегімен, радио және телевизиялық хабар тарату желісі арқылы және басқа да ықтимал құралдармен хабардар ету жүзеге асырылады. Тек ресми ақпараттарға сенгендеріңіз жөн. 

Су тасқыны (су басу) қаупі туралы ескерту алғаннан кейін бұл туралы жақындарыңызға, көршілеріңізге хабарлаңыз, балаларға, әйелдерге, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз. 

Сондай-ақ, ахуал күрделенген жағдайда алдын ала дайын болуға кеңес береміз: 

1. Барлық ірі және құнды заттарды шатырға апарыңыз немесе басқа қауіпсіз жерге қойыңыз. 

2. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз. 

. Жертөлелерден барлық азық-түлік қорларын алып тастаңыз. 

4. Терезелер мен есіктерді жабыңыз.  

5. құжаттар мен бағалы заттар салынған сөмкені (рюкзак) қолжетімді жерге қойыңыз.

Қауіп анықталған жағдайда құтқару қызметтеріне — 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз».

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

16 наурыз 2023, 00:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.