Атырау, 9 қыркүйек 09:06
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты

958 рет қаралды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты. Видеоны Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір заман қиын, алып елдер: "Өзбекстан, сен қай жақтасың? Бейтарап болуды доғар, ана жаққа не мына жаққа өт". Өздері де, өкілдері де: "Бізге Орталық Азиядағы Өзбекстан керек. Халық саны 36 миллионға жетті, үш-төрт жылдан кейін 40 миллионға жетеді". Олар: "Қай жақты қолдайсың?" деп сұрайды. Мұндай қиын сұраққа қалай жауап беруге болады?", - деп сұрады Мирзиёев.

"Жауап бір ғана - мен бір жақтамын, ұлтым, халқым, Ұлы Өзбекстан мүддесі үшін жан тапсыруға дайынмын", - деді Өзбекстан президенті.

Мирзиеев Өзбекстаннан қай елдер таңдау жасауын сұрағанын нақтылаған жоқ.

14 наурыз 2023, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.