Атырау, 16 тамыз 03:54
 дождьВ Атырау +20.1
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Қызылқоғадағы «қауіпті аймақтарға» тікұшақтан шолу жасалды

Бейнежазба
1 135 рет қаралды

13  наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ және ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрлан ЖАҢАБАЕВ Қызылқоға ауданының су басу қаупі бар аумақтарына әуеден барлау жұмыстарын жүргізді.

"Атырау-Сағыз-Миялы" маршруты арқылы елді мекендердің бойымен өзендердің жай-күйі зерттеліп, елді мекендерге әуеден аэровизуалды шолу жасалды.

Қызылқоға ауданының Миялы және Жангелдин ауылдарындағы еріген қар суын айдау және Ноғайты өзенінің жағалауын бекіту бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды. 6-11 наурыз аралығында 36 мың шаршы метр су айдалды, 7 мың дана қапшық, 800 тонна құм төселді, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ТЖД жолдаған видео

15 наурыз 2023, 04:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.