Экономикалық зерттеулер институтының (Economic Research Institute – ERI) 2022 жылға арналған мәліметтері бойынша, біздің қала – Астанамен тепе-тең боп тұр. Рейтинг «Экономика және бизнес», «Адам ресурстары» және «Инфрақұрылым» деген үш факторды қамтыды.
Өңірлер тұрғысынан 10 балдық шкала бойынша өмірге қанағаттану деңгейі бойынша Атырау мен Шымкент ең жақсы нәтиже көрсетті, сәйкесінше 7,9 және 7,91. Өмірлеріне риза емес тұрғындардың Павлодар облысында тұратыны белгілі болды – 6,58.
Атыраулықтар барлық жағынан қымбат бағаның болғанына қарамастан, қаламызда қаржылық жағдайға қанағаттанушылық деңгейі жаман емес – 6,24 балл (ел бойынша орташа көрсеткіш – 5,85). Біздің жанымызда 6,47 ұпаймен Шымкент тұр.
«Өмір сүру қымбаттығы» индексі бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары мәні 9 қалада – Жаңаөзен, Астана, Риддер, Степногорск, Алматы, Екібастұз, Балқаш, Өскемен және біздің Атырауда болды. Қаржылық әл-ауқат рейтингінің соңына Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары жайғасқан.
Жалақы әр түрлі. Ең жоғары көрсеткіштер өнеркәсіптік моноқалаларда, батыс облыстардың облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда байқалады.
Елімізде жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қанағаттану деңгейі 49 пайызды құрайды. Ең жоғарысы Қарағанды мен Астанада, ең төменгісі Қызылорда мен Жамбыл облыстарында.
Шартты «Аристон индексі» бойынша (жеке су жылытқыштарының болуы) Көкшетау (тұрғындардың 37,7%-да осындай қондырғылар бар), Атырау (35,5%), Қызылорда (33,9%), Жаңаөзен (29,8%), Алматы (27,9%), Орал (25,5%), Талдықорған (21%) көш бастап тұр.
2021 жылмен салыстырғанда Атырау 3 позицияға жоғарылады. Қала «Экономика және бизнес» және «Адам ресурстары» факторлары бойынша ең жоғары ұпай жинап, 3-орынға ие болды. Бұл ретте «Инфрақұрылым» факторы бойынша Атырау 5,02 ұпай жинап, соңғының алдындағы орынға шықты.
Атыраулықтардың пікірінше, біздегі басты мәселе – ауаның жоғары ластануы, медициналық қызметтің сапасыздығы және жолдардың нашарлығы. Барлығы 89 көрсеткішке талдау жасалды, оның 53-і статистикалық, ал 36-сы қала тұрғындарының онлайн сауалнамасы нәтижесінде жасалды.
Дайындаған Анастасия ШЕРСТЯНКИНА