Атырау, 18 сәуір 20:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Алтын Орда дәуірінің орталығы мұражайға айналмақ

Сурет
88 рет қаралды

Атырауда Ақтөбе-Лаэти қалашығын ашық аспан астындағы музейге айналдыру жұмыстары басталды.

Атырау облысында тарихи маңызы зор Ақтөбе-Лаэти қалашығын қайта жаңғыртуға бағытталған құрылыс жұмыстары қолға алынды. Жоба облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Жоба аясында кіреберіс бөлікте әкімшілік ғимарат салынып, 2018–2019 жылдары жүргізілген археологиялық қазбалар барысында анықталған тарихи нысандарға ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіледі. Ескерткіштерді сақтау үшін олардың үсті арнайы қорғаныш жабындарымен жабдықталады. Сонымен қатар аумақ абаттандырылып, туристер мен жастарға арналған садақ ату алаңы ашылады.

Облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаевтың айтуынша, Ақтөбе-Лаэти қалашығы Алтын Орда дәуірінде қолөнер мен сауда-саттық дамыған ірі орталықтардың бірі болған. Бұл бастама – тек бір нысанды жаңғырту емес, тұтас тарихи кезеңнің келбетін қайта жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.

XIII–XV ғасырларға жататын тарихи шаһар Атырау қаласына қарасты Томарлы ауылынан шығысқа қарай екі шақырым жерде орналасқан. Қалашық Алтын Орда кезеңінің маңызды ескерткіштерінің бірі саналады.

Бүгін, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.