Атырау, 28 қараша 08:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Биыл Атырау облысында бір жарым миллионға жуық тал егіледі

Сурет
1 229 просмотра

Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.   

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан 2025 жылдары орман алқабында 2 миллиард ағаш отырғызу жөнінде берілген тапсырмасын жүзеге асыру үшін Атырау облысында ормандарды өсіру мен молайтуға арналған кешендік жоспар бекітілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 805 млн 400 мың теңге бөлу жоспарланды.

«2021 жылы облыстық бюджеттен 214 млн тенге қаражат бөлініп, олар орман шаруашылығы мекемелеріне техника алуға, тұқым жинау, өңдеу, сақтау, қоршау жұмыстарын жүргізуге және қосымша маусымдық жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге шығындалды,- деді Н. Жантоқов.-Сол жылы облыстың орман қорының 309 гектар жеріне 905 мың ағаш көшеттері, ал 2022 жылы орман қорына 543,5 гектар жерге 1 млн 389 мың ағаш көшеттері отырғызылды. Жоспарға сәйкес осы жылы 573,5 гектар жерге 1 млн 439 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде». Айта кетейік, өңірімізде егілетін көшеттердің ішінде қарағаш, үйеңкі, шаған, тал, ирга, сексеуіл, тамарикс бар.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 наурыз 2023, 04:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.