Атырау, 9 мамыр 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Жылыой ауданында көші-қон заңын бұзған шетелдік елден шығарылды

448 рет қаралды

Атырау облысының Жылыой аудандық соты көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматын жауапкершілікке тартты.

Сотта анықталғандай, ол 2026 жылғы 6 ақпанда Қазақстанға кіріп, уақытша тіркеуде болғанымен, тиісті рұқсат алмай Құлсары қаласында құрылыс жұмыстарын атқарған. Бұл әрекет заңсыз еңбек қызметі ретінде бағаланды.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, хаттамамен келісіп, қатаң жазаламауды сұрады. Оның кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы қолданылды. Сонымен қатар, елден өз еркімен шығу үшін 5 тәулік мерзім берілді.

17 сәуір, 20:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.