Атырау, 2 қазан 07:26
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

ҚР СІМ Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық уағдаластық​ туралы мсәлімдеме жасады

623 просмотра

Қазақстан Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың қалпына келуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 10 наурызда Бейжің қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды", - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл уағдаластықтар 2016 жылы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді.

Ведомство Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалады.

15 наурыз 2023, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.