Атырау, 3 қараша 02:35
 дождьВ Атырау +11.8
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Махамбет кентіндегі апатты бағаналар кімнің есебінен ауыстырылып жатыр?

Сурет
112 рет қаралды
апатты электр бағаналарын ауыстыру, суретті түсірген автор
апатты электр бағаналарын ауыстыру, суретті түсірген автор

Екі жүз ырсиған бағана және мердігерді ақауды өз есебінен жоюға міндеттейтін сот шешімі. Махамбетте таңғаларлық оқиға орын алды: аудандық билік жаңа мердігер жалдаған, ал облыс әкімдігі бастапқы орындаушы ақаулы бағаналарды ауыстыруға кірісіп кеткенін айтып отыр. Сонымен, мәселені кім және кімнің есебінен шешіп жатыр?

Атырау облысы Махамбет кентінің белсенділері электр желілерінің екі жүзге жуық апатты бағананы санап шықты. Олардың айтуынша, бетон бағаналар өткен онжылдықта орнатылған, көп ұзамай су жаңа бағаналарда бойлай созылған жарықшақтар пайда бола бастаған. Жыл сайын олар ұлғая берген, бірақ жергілікті билік ауыл тұрғындарының өміріне қауіп төндіре отырып, оларды ауыстыруға асықпаған. Абылай хан, Оңайбаев, Датов, Жайық шұғыласы және басқа да кейбір көшелерде мұндай бағаналар тіпті көп.

— Ені 0,6 мм және одан жоғары бойда жарықшақтар ең қауіпті әрі аса апатты деп саналады. Мұндай ақаулар көтеру қабілетінің жоғалуына әкеледі және бүкіл бағананы шұғыл түрде ауыстыруды талап етеді. Оларды пайдалануға болмайды! — деп пікір білдірді «АЖ» редакциясы әңгімеге тартқан маман.

Біздің сауалымызға берген Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Асхат Аймұратовтың қолы қойылған жауаптан белгілі болғандай, 2021 жылы кентте 300-ден астам бетон электр бағанасы орнатылған. Жұмыстың тапсырыс берушісі ретінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, ал бас мердігер ретінде «Лайгэ» ЖШС танылды. Шамамен үш жыл бұрын кейбір бағаналарда жарықшақтар пайда болған.

Махамбет тұрғындарының түсірген суретіМахамбет тұрғындарының түсірген суретіМахамбет тұрғындарының түсірген суретіМахамбет тұрғындарының түсірген суреті

«Алдын ала мәлімет бойынша, Махамбет кенті аумағында осал белгілері бар және бірінші кезекте мән беру керек 200 бетон бағана анықталды», — делінген аудандық әкімдіктің хатында.

Одан әрі аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі екі жүз бағананы ауыстыруға тендер ұйымдастырғаны, оны «URKEN Group» ЖШС ұтып алғаны хабарланады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 9,2 млн теңге бөлінген. Компания 5 қазаннан бастап жұмысқа кірісіп кеткен.

Аудандық әкімдікте сондай-ақ энергетика және ТҮКШ басқармасы «Лайгэ» ЖШС-мен соттасқанын және сот мердігерді кепілдік міндеттеме шеңберінде ақау шыққан бағаналарды ауыстыруға міндеттегенін хабарлады.

Неліктен компания сот шешімін орындамайды, ал оның «қателіктері» салық төлеушілердің қаражаты есебінен түзетіледі деген орынды сұрақ сіздің тілшіңізді облыс әкімдігіне алып келді.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшылығы ҚР «Масс-медиа туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдарын бұзуға болмайтынын, бюджет қаражаты олардың жеке әмияны емес екенін және халық оның қалай жұмсалып жатқанын білуге құқылы екенін айтып түсіндіргеннен кейін ғана толық мәліметтерді ұсынды.

Басқарма мәліметінше, Махамбетте басталып кеткен апатты бағаналарды ауыстырудың оларға еш қатысы жоқ. «Лайгэ» ЖШС ақаулы бағаналарды орнатқан жобаның құны 450,3 млн теңгені құраған. Өткен жылдың аяғында компанияны оларды ауыстыруға міндеттейтін сот шешімі заңды күшіне еніп, мәжбүрлеп орындауға берілді.

«Жеке сот орындаушысынан алынған ақпаратқа сәйкес, „Лайгэ“ ЖШС ауыстыруға кірісті және жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланғаны туралы хабарлады», — делінген басқарма хатында.

Осы жағдайдың барлығында шиеленіс байқалады. Аудандық билік ақаулы бағаналарды ауыстыруға 9,2 млн теңге бюджет қаражатын бөледі, ал облыстық басқарма сот шешімі бойынша бастапқы мердігер кемшіліктерді өз есебінен жойып жатқанын алға тартады.

Сонымен, соңында апатты бағаналарды ауыстыруға кім жауапты? Мердігерлердің әрқайсысы дәл қай бағананы ауыстырып жатыр? Ең бастысы — сот шешімі бойынша айыпты компанияның есебінен орындалуы тиіс жұмыстар енді салық төлеушілердің қалтасынан қосымша төленіп жатқан жоқ па?

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 01:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.