Атырау, 2 қазан 07:43
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Жоғарғы сот өкілі қысым көрсетіле ме деген сұраққа жауап берді

666 просмотра

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов қысым көрсетілді ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенат отырысында депутат Андрей Лукин бүгінде құқық қорғау органдарының судьяларға ықпал етудің өзіндік құралдары бар екенін айтты.

Осы орайда журналистер Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан судьяларға қандай қысым жасалатыны туралы сұрады.

"Жоғарғы сотта емес, Жоғарғы сот кеңесінде бар. Білмеймін. Мен азаматтық істер жөніндегі алқаның төрағасы болғандықтан қылмыстық істердің ерекшеліктерін, онда не болып жатқанын білмеймін", - деді Нұрсерік Шәріпов.

"Өзіңіз жеке қандай да бір қысымға тап болдыңыз ба?" деген сұраққа Жоғарғы Сот өкілі: "Маған қысым көрсетілген жоқ" деп жауап берді.

15 наурыз 2023, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.