Атырау, 2 қазан 07:31
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

2023 жылға Ораза және намаз кестесі жарияланды

1 814 просмотра

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразаның кестесін жариялады

Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады.  

«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі» - деді баспасөз конференциясында ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Биыл пітір садақаның мөлшері 535 теңге болып белгіленді. 

"Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады», - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Атырау облысы бойынша ораза және намаз кестесі


15 наурыз 2023, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.