Атырау, 22 маусым 18:53
 дождьВ Атырау +26.9
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Барлық жаңалық

АҚШ-та ресейлік хакер 12 жылға сотталды Әлемде

АҚШ-та ресейлік хакер 12 жылға сотталды

Нью-Джерси соты ресейлік Владимир Дринкманды «АҚШ-қа хакерлік шабуыл жасап, 160 миллион несие картасының мәліметін ұрлады» деп айыптап, 12 жылға соттады. Бұл іс бойынша екінші айыпты – Ресей азаматы Дмитрий Смилянец төрт жылға сотталды. Смилянец тергеу уақытында қамауда төрт жыл отырғандықтан сот залынан босатылды. Екі сотталушы да бұған дейін кінәсін мойындаған. 15 ақпан 2018, 15:13 2 103 рет қаралды
Саакашвили Нидерландта тұруға рұқсат алды Әлемде

Саакашвили Нидерландта тұруға рұқсат алды

Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Нидерланд төлқұжатын алды. Бұл жайында саясаткердің өзі Facebook-те хабарлады. Саакашвили Украина азаматтығын қайтарып алу ниетінен танбайтынын мәлімдеді. 15 ақпан 2018, 14:40 2 181 рет қаралды
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы жайлы мәліметтерді жариялады   Қазақстанда

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы жайлы мәліметтерді жариялады

Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, соңғы 10 жылда 74,6 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 168,9 млрд долларды құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    15 ақпан 2018, 12:38 2 914 рет қаралды
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігіне шабуыл жасалды Әлемде

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігіне шабуыл жасалды

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі ғимаратында атыс болды – деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, сәрсенбі күні таңертең АҚШ-тың Мэриленд штатына қарасты Форт-Мид қаласында Ұлттық қауіпсіздік агенттігі ғимаратының алдында атыс болған.  15 ақпан 2018, 12:27 2 519 рет қаралды
Франция президенті: Башар Асадты бомбалауға дайынбыз Әлемде

Франция президенті: Башар Асадты бомбалауға дайынбыз

Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдемесінде егер Сириядағы Башар Асад билігінің халыққа химиялық қару қолданғаны туралы анық дәлел болса, онда Франция күштері Асад режимінің химиялық қару сақтаған орындарын бомбалайтынын айтты.   15 ақпан 2018, 11:55 2 297 рет қаралды
Алматы орталығындағы арнайы операция: Көлікке 8 рет оқ атылған Қазақстанда

Алматы орталығындағы арнайы операция: Көлікке 8 рет оқ атылған

Алматыда заңсыз қару-жарақ ұстаған, сақтаған және тасымалдаған 1994 жылы дүниеге келген Дәурен Әлеуxановқа қатысты сот ісі жүріп жатыр, деп xабарлайды Today.kz тілшісі сот залынан. 15 ақпан 2018, 11:39 2 690 рет қаралды
"Әр сәтің санаулы" Басқа жаңалықтар

"Әр сәтің санаулы"

Бастапқыда «АЖ» тілшілері Атырау қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерімен бір-екі сағат өткізуді жоспарлады, өйткені жексенбі күні болатын. Бірақ шексіз қоңыраулар легімен медиктермен бірге түн ортасына дейін «жұмыс жасағандарын» байқамай да қалды... Сурет Бейнежазба 15 ақпан 2018, 09:00 4 392 рет қаралды
Қазақстанда қағазбастылықтан құтқаратын сервис іске қосылды Қазақстанда

Қазақстанда қағазбастылықтан құтқаратын сервис іске қосылды

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамаларды апаруға міндетті емес.  14 ақпан 2018, 15:44 2 004 рет қаралды
Кувейт Ирак еліне 2 млрд АҚШ долларын бөледі Әлемде

Кувейт Ирак еліне 2 млрд АҚШ долларын бөледі

Кувейт Ирак экономикасын қалпына келтіру үшін екі миллиард АҚШ долларын бөледі. Бұл туралы Кувейт әміршісі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz aқпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 14 ақпан 2018, 15:23 2 131 рет қаралды
Бөгеттерге бюджеттен қаржы бөлінді Басқа жаңалықтар

Бөгеттерге бюджеттен қаржы бөлінді

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының елді мекендерін су тасқынынан қорғау үшін бөгеттер салу және қайта жаңарту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 523 млн теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР мемлекеттік сатып алулар сайтында хабарланды. 14 ақпан 2018, 14:47 3 563 рет қаралды