Атырау, 9 мамыр 22:03
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Ақтаудағы мүгедек балалар интернатындағы жанжал: Жаңа деректер

1 859 просмотра


Ақтаудағы №3 психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған интернат үйінің директоры мен қызметкерлер арасында жанжалға мұның алдындағы керіс түрткі болған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің орынбасары Қарашаш Нұрмамедова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада". 

Арнайы қызмет көрсету орталығындағы жанжал биыл 7 маусымда болған. Мекеме қызметкерлері мен директор арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.  Қарашаш Нұрмамедованың сөзінше, видео авторы мен аға медбике арасындағы телефон арқылы жанжал туып, мекеме директоры түн уақытында келуі керек болған. Видео түсірілген орын балаларға арналған ауыз су сақталатын бөлме. 

"Үстелдің үсті қызметкерлердің жеке заттары мен азық-түлікке толып кеткен. Директор бұл бөлмеде жеке хаттарды сақтауға болмайтынын бірнеше рет екскерткен", - дейді ол.  

Нұрмамедованың айтуынша, қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арнайы орын бөлінген.  

"8 маусымда бұйрық бойынша директор қызметінен шеттетілді. 2 шілдеге дейін тексеріс жүргізетін арнайы комиссия құрылды. Директордың міндетін орынбасары атқарып жатыр", - деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.  

11 маусымда қызметкерлер бұйрық мазмұнымен және комиссия мүшелерімен танысқан.  "Директорға қатысты шара комиссия жұмысының қорытындысына байланысты шығады", - дейді Қарашаш Нұрмамедова.  

Оның сөзінше, мекемеде еңбек жағдайы мен ақысына қатысты шағымға байланысты өзге комиссия жұмыс істеген. Бұл комиссия жұмысының қорытындысы да директорға қатысты шешім қабылданарда ескеріледі.  

Шеттетілген директор Шаттыгүл Қаракүшікова психоневрологиялық интернат үйін 2017 жылдың тамызынан басқарып келеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 маусым 2018, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.